Рус  Қаз
Баламен тақпақты қалай дұрыс жаттау керек

Баламен тақпақты қалай дұрыс жаттау керекТақпақтарды жаттау есте сақтау қабiлетiн ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар баланың сөздiк қорын толықтырады, сөздердi дұрыс қолдану дағдысын қалыптастырады, тiл мәдениетiн тәрбиелейдi.

Тақпақ жаттау дегенiмiз — дағды. Ал ол дағдыны дамыту үшiн келесi ережелердi сақтау керек:

Жас ерекшелiктерiне сәйкес келетiн тақпақ таңдап алыңыз. Баланың өзi таңдасын, егер тақпақ балаға ұнаса, ол оны тез жаттап алады.

Тақпақты жаттаудың себебiн ойлап табыңыз. (Мысалы: Жаңа жыл, әжемiздiң туған күнi немесе әкемiзге тосын сыйлық).

Алдымен тақпақты мәнерлеп, сезiмдiлiкпен дауыстап оқып шығыңыз. Бұл балаға толық әсер алу үшiн өте маңызды.

Балаға мәтiн бойынша сұрақтар қойыңыз, барлық сөздердiң маңынасы түсiнiктi ме екен, түсiнiксiз сөздердiң мағынасын мiндеттi түрде ұғындыру керек.

Мәтiндi баламен бiрге қайталаңыз. Сiз тақпақты бастайсыз, ал ол есiнде сақтап қалған сөздер мен сөйлемдердi айтып, жалғастырып отырады.

Ары қарай тақпақты тiкелей жаттауға кiрiсiңiз.

Бiрiншi жолды оқыңыз, бала сiздiң соңыңыздан қайталайды, осылайша бiрнеше рет қайталаңыз. Сосын бiрiншi жол мен екiншi жолды қосып айтыңыз. Осылайша барлық шумақты, төрт жолды, жаттаңыз. Содан кейiн бала өзi түгел айтып шығуға тырысады.

Баламен жаттаған әр бiр тақпақтың суретiн салыңыз. Тақпаққа сипаттау суреттерiн өз бетiңiзше ойлап табыңыз. Олардың аты мен авторын жазып қойыңыз. Бұл суреттердi бөлек мұқабаға салып қойыңыз. Анда-санды алып шығып, суреттерiн қарап, алдында жаттаған тақпақтарды еске түсiрiп, жатқа айтуға тырысыңыз. Бұл есте сақтау көлемi мен әдеби қорын бекiтiп отырудың тамаша тәсiлi.

Балаңыздың тақпақты қуана-қуана жаттағаны, кейiн оны өз отбасының алдында немесе балабақшадағы ертеңгiлiктерде көрсеткенi қандай рахат десеңiзшi!

11.11.2016
Қараулар: 353
Электронное правительствоГосударственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет