Тәрбие басы — тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі — балабақшада қалыптасады. Қазақ даналығында «Тіл — ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтылмаған. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтыламын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсініп қолдана білуге жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беремін.
Үйретудегі жаңа қызығушылық негізі ол — мектепке дейінгі мекемедегі міндетті барлық белгілі кезендегі деңгейі анықталатын мақсатты жоба мен білім берудің Мемлекеттік Стандартының тудырылуы мен оны тәжірибеге енгізудегі ұйымдастыру мен бірлескен жағымды орта жағдайды қамтамасыз ету мәселесімен байланысты. Мемлекеттік білім беру жалпы міндетті стандартында «Коммуникация» бөлімінде мектепке дейінгі балалардың тілдік базалық құндылықтарын игеру, мемлекеттік және басқа тілде әлеуметтік мәдениетке өзара байланысты, қоршаған ортадағылар мен вербалды және вербалсіз құралда қарым-қатынас жасауға қабілеті туралы айтылған. Сондай-ақ тілді үйрету стандарты қазіргі балабақша түлегі деңгейін мінезделеді. Тілді еркін игеруде дыбыстың сарапталуы және салыстырма анықтауыш, жалпылайтын сөздерді айыра отыра сондай-ақ тілдің ерекшелігі мен сөздік бейнелеудегі негізгі мазмұнын түсінетіні және оқуға, жазуға, кітапқа деген қызығушылығын көрсетілген. Мектепке дейінгі мекемеде балалар қазақ тілін өздерінің белсенді әрекеттері кезеңдерінде игере отыра білулері тиімді бір жол болып табылады. Ол үшін оқу-тәрбие процессін жүргізіп отырған оқытушы ең алдымен өзі жиі өмірде кездесетін сөздерді меңгере отыра қарапайым болсын сөздерді сауатты құрастыра білу деңгейлігінде болу керек. Тілді үйрету өте қиын да көп жақты педагогикалық-психологиялық үрдіс. Осы жұмысты нәтижелі жүргізу мәселелерінің бірі баланың тілге деген қызығушылығын, ықылас, ынтасын ояту және осы қызығушылықты жоғалтпай қалай үйретуіміз керектігі.
Тәжірибеде көрінгендей жұмыс барысында ең қиынға түсетіні ол ауызша сөз байланысын құрастыру. Оның ішінде келесі міндеттерді жүзеге асыру өте күрделі:
- Қазақ тілді үйренуге, түсінуге және оны ықыласпен тындауға деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыру.
- Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуымен сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Қарапайым диалогты жүргізуге жеткілікті, қажетті ең аз мөлшердегі лексикалық, граматикалық база жасау.
- Топ — тілді білмейтін балалар және кейбіреулері жеке сөздерді түсінеді.
- Топ оқытушының айтқаның түсініп оны дұрыс орындайды, сұрақтарды түсінеді бірақ өз тілінде жауап береді.
- Топ жеке сөздерді айтады ойын айта алмайды және т.б.
Осы жұмысты жүргізу үшін келесі принциптерге негізделуі қажет:
- Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда іс-әрекеттің тәсілдерін, ынғайын табу.
- Ұстаз бен балалардың қатынасы кезінде интерактивтік түрлерін, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану.
Біз қазақ тілін меңгерудегі интерактивті «ПЕДАГОГ-ТОП-БАЛА-ПЕДАГОГ» жүйесі қалыптасады. Ұжымдық жұмыс барысында жұмыс тез шешіледі, өйткені ой көптің мәрекеттерінен туындайды. Сондықтан балалармен оқытушының бірлескен қызметі мен ұйымдастырып оқытудың формасын анықтап алған жөн.
Біздің балабақшамызда қазақ тілі мұражайы безендірілген, топтарда ұлттық бұрыштары әр түрлі дидактикалық ойындармен, балалар әдебиет хрестоматиясы журналдарымен, техникалық құралдармен (бейне таспа, үн таспа сияқты» қамтамасыз етілген. Қазақ тілі мұражайын безендіруге үлесімді қосып қосып отырамын, өйткені балалар қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуі қажет. Балалар қызығушылықпен қазақ тілі мұражайына серуенге барып менің айтқан әңгімелерімді тыңдап, салт-дәстүрлерімен танысады, қазақ халқының ойындарын үйренеді, қазақ халқының қол өнерімен танысады. Бұл қосымша жұмыстары баланың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін оятуға негізделген.
Балабақшада бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі — ауызша сөйлеп үйреніп жатады. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан да балалармен жүргізілетін жаттығулар түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлерін біртіндеп күрделене береді.
Балабақшада жүргізілетін тәрбие білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да, тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән күй, дене шынықтыру сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер үйретіледі.
Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрып өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке баулиды.
Балабақша бүлдіршіндеріне саналы тәлім тәрбие берудің жолдары көп. Солардың ішіндегі ең тиімдісі мен қолайлысы — ойын арқылы тәрбиелеу, өйткені жеті жасқа дейін баланың өсіп дамуы үшін қимыл-қозғалыстар, жаттығулар, ойындар ауадай қажет.
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте, — дегендей, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан, наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет — ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту үлкен нәтиже береді.
Біздің балабақшамызды өзге ұлттың балалары мемлекеттік тілді меңгергендерін көрсетіп жыл сайын қалалық «Тәрбие басы балабақшадан» байқауына қатысады. Өткен жылы бірінші орынға ие болып, облыстық байқауында дипломға ие болдық. Осындай көрсеткішке жету, күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп айтуға болады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жоспарына ата-аналардың тілге деген қызығушылығын келтіріп, баланың ғана емес, ата-аналардың да патриоттық сезімін ояту үшін кеңестер, ұсыныстар береміз, өткізілетін ашық сабақтарға, мерекелерге шақырамыз.