Рус  Қаз
Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі алатын орны

Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі алатын орны

Елiмiздiң болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бiрiншi бесiк — отбасы, ата-ана тәрбиесi болса, екiншi бесiк — бiлiм беру мекемесi. Мектепке дейiнгi кезеңдегi тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етiп, оған өмiр бойы өшпестей iз қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен бiлiм беру жұмысын кешендi ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етедi. Жас ұрпаққа бiлiм берудi жетiлдiру мәселесi толассыз күн сайын өзгерiп тұрған әлеммен бiрге жүрерi анық. Балабақшада берiлетiн тәрбие — барлық тәрбиенiң бастамасы, әрi жан — жақты тәрбие мен дамыту iсiнiң түпкi негiзiн қалайтын  орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкiндiктердi ашып олардың өнегелi, тәрбиелi болып өсуiне балабақша ошағының тигiзер әсерiнiң маңызы зор. 

Қоғам үшiн әр кезеңде әр отбасында өсiп келе жатқан өрiмдей ұл-қыздардың денi сау, рухани бай, еңбекке, бiлiмге құштар болып  өсуi ең жоғарғы тiлек, ең биiк мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерiн өмiрдегi ешнәрсенiң күшiмен салыстыруға болмайды. 

Балаға отбасы тәрбиесiнiң орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы өмiрге сәби әкелiп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесi жоқ орын. Отбасының балаға тәрбие берушiлiк қызметтiнiң мақсаты балаланың жасын, жеке ерекшелiгiн, психологиялық процестерiн ескере отырып, жарасымды жетiлген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшiн отбасындағы тәрбие төмендегi мiндеттердi шешедi.

Отбасында баланың өсуiне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

Еңбексүйгiштiкке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыр, өзiне — өзi қызмет етуге үйрету.

Отбасы мүшелерiмен тiл табысып, дұрыс қарым қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кiшiге iзет көрсетуге үйрету.

Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл мiндеттер жүзеге асу үшiн бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлiм — тәрбие берiледi.

Балабақша — бүлдiршiндердi болашақта ата дәстүрiн сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кiшiнi сыйлай бiлуге үйрететiн тәрбие орталығы. Өмiрге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешiлерiнiң қасиеттi борышы.

Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі алатын орны

02.02.2017
Қараулар: 227
Электронное правительствоГосударственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет