Наурыз мейрамы — Ұлыстың ұлы күні, бүкілхалықтың мейрамы. Бұл мерекені жыл сайын балабақшадағы сәбилерден бастап, бүкіл ата‑әжелерге дейін тойлайды. Наурыз мерекесінде бауырсақ пісіріліп, наурыз көже дайындалады. Биыл менің немерелерім мен жиендерім баратын «Гулливер» бөбекжай-бақшасында үлкен наурыз мейрамы болды. Мереке балабақшада үш күнге созылды. Дүйсенбі ортаңғы топта, сейсенбі ересек топтарда, сәрсенбі екінші кіші тобында және тәрбиешілер арасында наурыз мейрамы өте жақсы деңгейде өтті. Ортаңғы топта мерекеге Наурыз батыр, Күн, Қыдыр ата келсе, ересек топтарда Алдар көсе, Көктем, Қыдыр ата мен әже келді. Балалар арасында байқау өткізілді. Қазақтың ұлттық ойындары ойналды. Наурыз көже дайындалды. Шашу шашылып, балалар мәз мейрам болды. Балалар қазақша өз білімдерін байқауда көрсете білді. Ал тәрбиешілер арасында өткен мерекеде басқа ұлттын өкілдері қонаққа келіп, оларға қазақтың «Беташар» салты көрсетілді. Биылғы наурыз мейрамы өте жақсы деңгейде өтті. Ата-аналардың көңілдерінен шықты. Осындай мерекені ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімдері Кабдулкалыкова Ә.М., Даулетова А.С., Камбарова С.Ғ., ағылшын тілі мұғалімі Обыденная Е.В. музыка жетекшілері Анникова Е.В., Леонтьян Н.А., балабақша әдіскері Дейнега Л.М. және басқада ұстаздарға барлық ата‑аналардың атынан көп алғысымызды айтқым келеді. Ұстаздарға алдағы уақытта шығармашылық табыс, балалары өнерлі, білімді, талантты болсын деп тілек білдіреміз.
Нуржанова Дина Қайырбекқызы
Петропавл қаласының тұрғыны