Біз туралы

«Гулливер» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны

«Гулливер» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны

«Гулливер» бөбекжай-бақшасы
— бұл армандай білу. Мейірімді
адамдар жандарының сапасы.
Өмірде өз арманын орындай алу.
Бұдан жарқын және артық не болуы мүмкін!

«Гулливер» бөбекжай-бақшасы» МКҚК 1985 жылы қараша айында ашылды. Балабақшада 13 топ жұмыс істейді. Оқу-тәрбие процесі 2-6 жастағы балабармен орыс тілінде (13 топта) және қазақ тілінде (1 топта) жүргізілері. Балабақша педагогтерінің оқу-тәрбие жұмысының мақсаты: баланы әлеуметтік пайдалы қызметте жетістікке жетуге бағытталған, эстетикалық және этикалық даярлығы бар, терең білімді тұлға ретінде тәрбиелеу.

Оқу-тәрбие жұмысын 26 тәрбиеші жүргізеді. Тәрбиешіледің 38% жоғары педагогикалық білімдері бар, 62% орнайы орта білімдері бар. Екі педагогтің жоғары біліктілік санаты бар. 9 тәрбиеші бірінші біліктілік санатқа ие. 10 педагог екінші біліктілік санатына ие. Тәрбиешілерге сапалы оқу-тәрбие процесін іске асыруға келесі мамандар көмектеседі: педагог-психолог, логопед, қазақ тілі мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, хореограф, көркем іс-әрекет театр мұғалімі, музыкалық жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, бейнелеу өнері мұғалімі, эстетика мұғалемі.

Біздің балабақша — біздің тәрбиешілеріміздің балармен өткізетін мерекелер жобалар тағы да басқа қызықты сабақтары бар балалық шақ аралы, бұны бағалау үшін өз көзіңмен көру керек. Балабақшаның педагогикалық ұжымы өз ұраны ретінде ұлы педагог В.А. Сухомлинскийдің сөзін алды: «Балалық шақ — адам өмірінің ең мақызды бөлігі, алдағы өмірге дайындық емес, ал жарқын, қайталанбас, өзіндік, өмір. Баланың балалық шағы қалай өткені, балабақшаға қолынан ұстап кім әкелгені оның қоршаған ортада ақылы мен жүрегіне кірген — түгінгі күнгі нәрестенің қандай адам болатыны соған байланысты болады.

«Гулливер» бөбекжай-бақшасы ұжымы балаларды тәрбиелеуде педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі мен жоғары нәтижелері үшін РФ білім беру министірлігінің «асыл балабақшасы» дипломымен марапатталды; Петропавл қаласының қалалық білім беру бөлімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттанды.

Контактiлер: Петропавл қ., Батыр Баян көшесі 5, тел: 33-05-47, 33-05-48,

 

e-mail: ds_gulliver@mail.ru

Тәжiрибемен алмасу және жұмыс iстеуге қуанышты боламыз!

Шын жүректен Сiздерге табыс пен жетiстiк тiлеймiз!

"Гулливер" бөбекжай-бақшасы" МКҚК меңгерушісі

Ахметова Айгуль Сабырбаевна

Ахметова Айгүл Сабырбайқызы 
«Гулливер» бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі. Ол мектепке дейінгі білімде тәрбиеші-әдіскер-жетекші сияқты барлық кезеңдерден өтті. Айгүл Сабырбайқызы мектеп жасына дейінгі жұмысшының барлық қиындықтары мен физикалық ауыртпалығын бастан өткерді. Балалармен жұмыс жасаған кезде, олардың көздерінен қызығушылық көргендіктен, басқа мамандық туралы ойлаған да емес.

Өз күш-жігерінің нәтижесін көрген кезде, барлық қиындықтарға қарамастан, , Айгүл Сабырбайқызы өз ісін, жұмысын, кәсібін жақсы көреді. Бала балабақшадан кеткенде, сабырлы, өз білімі мен іскерлігіне сенімді, өзін қадірлі тұлға ретінде сезінуге көмектесетін және балаларға жылулық пен жайлылық сыйлайтын өз ұжымын жақсы көреді. Ал ата-аналар балаларының өміріне алаңдамай, адал және сенімді тәрбиешілер қолына балаларын тапсыра алады.

 

Біздің жаналықтарымыз:

 Қазақстандағы балалар жылы

 

Қазақтандағы "Балалар жылы""Гулливер" балабақшасында "Қазақстандағы бала жылына"арналған спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: өз өмірінің қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтына баулу.

 

Іс-шара балалардың сыңғырлаған күлкісімен, көтеріңкі көңіл - күймен таза ауада өтті. Балалар ойындар мен эстафеталарға қуана қатысты. Бар күш-жігерлерінің арқасында олар мәреге бірінші болып келуге тырысты. Балалар дәлдік, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті.

 

Кез-келген спорттық іс-шара балалар үшін жақсы позитивті көңіл-күй қалыптастырады, бұл әр баланың денсаулығы үшін өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Конституция Күні

ҚР Конституция Күні қарсаңында "Гүлливер" бөбекжай-бақшасында "Менің Отаным – Қазақстан"атты тақырыптық ойын-сауық өтті. Балалар мақтанышпен және қуанышпен өлең оқып, ән айтып, ұлттық ойындар ойнады.Ата заңның үнімен, Тәрбиені баптайық. Конституция күнінде,Тойламай жай жатпайық.

Қазақстан халқының Тілдері күні

 

«Тіл-халықтың ерекше жетістігі және оның ажырамас белгісі. Тілдің дамуы ұлттық мәдениеттің дамуымен толығымен байланысты және осыған байланысты тіл өзінің қоғамдық функциясын орындайды» («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы).
Қазақстан халықтарының Тілдері күнін мерекелеу аясында «Гүлливер» бөбекжай-бақшасында» МКҚК-да ересек балаларға арналған» Қазақстанда отбасымен тату өмір сүреміз» музыкалық ойын-сауық, кіші топтардың балаларына арналған «БАУЫРСАҚ» театрлық қойылымы, орта жастағы балалармен «I love English» интерактивті викторинасы, « Мен, сен, ол, біз бірге тату отбасы». Ата-аналарға арналған «Тілді құрметтеу - халықты құрметтеу» атты кеңестер-жадынамалар әзірленді. Балабақша тәрбиеленушілерінің «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»тақырыбында шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.   Өткізілген іс-шаралар Қазақстанның барлық халықтарына құрмет пен төзімділікке тәрбиелеуге бағытталған және балабақшада қолайлы жағдай жасауға, ізгі ниет пен өзара түсіністік атмосферасын құруға ықпал етті.

 

«Гулливер» бөбекжай-бақшасы» МКҚК барлықтарыңызды келе жатқан Қазақстан Республикасы күнімен құттықтайды!

Бұл мереке ел, болашақ ұрпақ пен тарихтың игілігі үшін қойылған мақсаттарға жетуге әрқашан күш пен сенімділік берсін!
Сіздерге жақсы бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, жақсылыққа деген сенім және бақыт тілейміз! Әр үйде бейбітшілік, жақсылық, қуаныш пен бақыт орнасын! Жүректеріңіз мемлекет үшін мақтанышқа, бірлік пен түсіністікке толсын, ал жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болсын!

Азаттық жері- Қазақтың елі,
Шаттыққа толы бүгінгі төрі.
Достықты берік еткен бір серік,
Бейбіт күн тұрсын, сәулесін төгіп!

Қазақстан Республикасының күні

Қазақстан Республикасының күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Мереке қарсаңында балабақшада мерекелік іс-шаралар өтті. Мақтаныш сезімдерімен балалар үш тілде өлең оқыды, ән айтты, би биледі, музыкалық аспаптарда ойнады. Балалар мен ата-аналар үшін мереке ұмытылмас әсер қалдырды. Мереке атмосферасында өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның жетістіктері үшін мақтаныш, болашаққа деген сенім көрініс тапты.
Отан деген-атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан- туған ел!

Балалардың салған суреттері әрқашан өз ерекшелігімен қуантады, өйткені балалар жұмыстарының энергетикасы ерекше-мейірімді. Сурет салу балдырғандар үшін қарапайым ермек емес. Салған суреттерінен баланың психологиясын, жай-күйін аңғаруға болады. Қоршаған ортасына деген пікірін, ойын сол суреттер арқылы көрсете алады. Олардың жұмыстары шынайы, жанды болып келеді.

 

Салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен мәдениет әр баланың жүрегіне енуі тиіс
және оның жан дүниесінің ажырамас бөлігі болуы керек . Біз
балаларды халықтық рәміздерінің түсімен, ою-өрнекпен және
оның түрлерімен таныстырамыз. Бұл сабақта біздің басты міндетіміз
- балаға қазақ сәндік-қолданбалы өзінің шығармашылығы арқылы өз көзқарасын білдіруге көмектесу.
Тақырып бойынша "графика" техникасында сурет салу:
"Торсық".

 

 

Жаңа жылыңызбен! Биылғы жыл әрқайсымыздың өмірімізге оңай еніп, жақсы көңіл күй, өмірлік қуат, шабыт, махаббат пен шығармашылық, тұрақтылық пен сенімділік, әл-ауқат пен жайлылық сыйласын! Баршаңызға армандар тезірек орындалуын және жаңа мақсаттарға жетулеріңізді тілеймін! Дәмді тағамдар, жағымды отбасылық көңіл-күй ! Мереке құтты болсын!

 

 

"Балабақшадағы пуантилизм"  бейнелеу қызметі  бойынша ата-аналарға кеңес

Театр- көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының орындалатын орны.
Мектепке дейінгі тәрбиедегі ең танымал және қызықты бағыт-театрландырылған қызмет. Театрландырылған қызмет баланың сөйлеу мәнерлілігін, интеллектуалды және көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастыруға қатысты көптеген педагогикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. 28.01.2023 ж. "Гулливер" бөбекжай-бақшасы " МКҚК-да мектепалды топтарда Қазақстан бойынша театрландырылған саяхат өтті. Балалар адамдардың өмірі, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің түрлі оқиғаларының қатысушылары болды, бұл оларға қоршаған әлемді тереңірек білуге, туған мәдениетіне, әдебиетіне, театрға қызығушылық танытуға мүмкіндік берді.

 

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,
Тәуелсіздік және өзің тынысым.
Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,
Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

Көпұлтты елімізде Наурыз мейрамын тойлағысы келмейтін жан жоқ. Наурыз мейрамы – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің бастауы. Наурыз мерекесі қарсаңында «Гулливер» балабақшасында» мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке кезінде балабақшада мейірімділік, көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш, шаттық орнады.

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

 

 

Мақаланы құрған күні 28.03.2016 10:55

Мақаланы жаңартқан күні 21.10.2025 08:38